Сапар аясында тиісті дәріс тыңдаған қазақстандық мамандар мұғалімдерді МЕРИТС мультимедийлік бағдарламасымен жұмыс істеуге машықтандыру құқығына өкілеттілік беретін сертификат алды. Сонымен бірге олар Сингапурдың мемлекеттік білім беру институты, қыздарға арналған Наньян орта мектебі, «Темасек» политехникалық университеті, Техникалық білім беру институты мен Сингапурдың ұлттық кітапханасында болды.
Бұл сапарды республика мектептерін МЕРИТС көп тілді бағдарламасын жүзеге асыру үшін лингафондық және мультимедийлік жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан-Сингапур бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында «Сингапур Текнолоджиз Трейнинг энд Симюлейшн Системз» компаниясы ұйымдастырды.