Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы Қазақстан үшін президенттік басқару үрдісі артықша қолайлы деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы Қазақстан үшін   президенттік басқару үрдісі артықша қолайлы деп санайды

Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы Қазақстан үшін президенттік басқару үрдісі артықша қолайлы деп санайды

Қазақстан үшін президенттік басқару үрдісі артықша қолайлы . Бұл туралы бүгін, 31-тамызда Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы Пьер Мазо ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Тамыз 2005
  • 737
Фото - Caravan.kz

«Бұл үрдісті өзгертпеген абзал. Бұл — сіздің елде демократияны қамтамасыз етеді»,- деп мәлімдеді П.Мазо.

Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы өз елінде аралас басқару үрдісі жұмыс істейтінін хабарлады. «Бүгінде осындай жартылай президенттік басқару үрдісі заңгерлерді тығырыққа тіреп отыр. Өйткені біздің елдегі осындай режим президент пен премьер министрдің арасында пікір қайшылығының туындауына алып келуде»,- деді ол. П.Мазоның айтуынша, «мұндай шиеленістер дағдарысқа түрткі болуға байланысты Францияның кейбір саяси қайраткерлері президенттік басқару үрдісіне көшу туралы сөз қозғай бастады».
«Франция Конституциясын әсіре ұлықтайтындарыңызды ескеру негізінде, мүмкін, біздің елдегі шиеленістердің шешімін сіздің елдің конституциясынан іздеген дұрыс шығар»,- деді Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы. «Демек, осындай жолмен қарт демократия өскін демократиядан көп нәрсе үйрене алар еді»,- деді ол.
Кездесу барысында П.Мазо Франция президенті Жак Ширактың қазан айында ресми сапармен Қазақстанға келетінін атап өтті. Оның айтуынша, сапар 19-21-қазанға межеленген.

Перейти к новостям спорта