Фотокөрменің ашылуында сөз сөйлеген Румынияда Қазақстан істерін уақытша жауаптанған уәкіл Бақытжан Ордабаев бүкілхалықтық референдум нәтижесінде осыдан 10 жыл бұрын қабылданған Конституцияның арқасында Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және саяси терең реформалардың жүзеге асқанын атап өтті. Елші өз сөзінде қазіргі Конституцияның базасында қазақ мемлекеттілігі нығайып, Ата заңның адамдардың құқығы мен еркіндігінің, көп ұлтты мемлекеттегі барлық ұлттық және конфессиялық топтардың арасындағы теңдіктің кепіліне айналғанын тілге тиек етті.
Өз кезегінде фотокөрменің ашылуында сөз сөйлеген Румыния мәдениет министрлігінің мемлекеттік хатшысы Вирджил Ницулеску ішкі саяси тұрақтылығы мен қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар Қазақстанның тек аймақта ғана емес, сонымен бірге дүниежүзіндегі бірегей ел екенін айтты.
Румыния ресми өкілдерінің айтуынша, бұл жолғы көрме Қазақстан және Румыния халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая түскенін айғақтаумен бірге, екі жақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға түрткі болмақ.