Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы қылмыспен күрес саласында етене жақын ынтымақтастық орнату қажеттігін мәлімдейді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы қылмыспен күрес саласында етене жақын ынтымақтастық орнату қажеттігін мәлімдейді

Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы қылмыспен күрес саласында етене жақын ынтымақтастық орнату қажеттігін мәлімдейді

Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы қылмыспен күрес саласында етене жақын ынтымақтастық орнатуы қажет. 31-тамызда Астанада өткен кездесу қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков пен Қазақстан Республикасында Оңтүстік Африка Республикасының істерін уақытша жауаптанған уәкіл Бернардо Либенберг Муламан осындай ортақ тұжырымға келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында лаңкестік, ұйымдасқан қылмыс және есірткілік заттардың заңсыз айналымымен күрес, өзара тәжірибе алмасу және тәртіп сақшыларын дайындау салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы талқыланды.

Министр ішкі істер органдарындағы тіркеу-есепке алу саласындағы тәртіпті нығайту, учаскелік полиция қызметкерлерінің ролін күшейту, маман дайындау ісін жетілдіру, шетелдік таңдаулы оқу ордаларының негізінде мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру бағытындағы реформалардың барысымен қонақты жан-жақты таныстырды.

Перейти к новостям спорта