Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын әділетті өткізуге қажетті барлық жағдайды жасауға уәде берді - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын әділетті өткізуге қажетті барлық жағдайды жасауға уәде берді - толықтырылған нұсқа

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын әділетті өткізуге қажетті барлық жағдайды жасауға уәде берді - толықтырылған нұсқа

"Қазіргі мемлекет басшысы ретінде алдағы президент сайлауын әділетті, ашық әрі еркін өткізуге қажетті барлық жағдайды жасаймын". Бүгін, 1-қыркүйекте кезекті парламент сессиясының ашылуына арналған қос палатаның бірлескен отырысында мемлекет басшысы осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар мен халықаралық қауымдастықтың сайлау нәтижесіне құйтақандай да күмәні болмауға тиіс.

«Өз басым Конституция мен ел заңдары аясындағы идеялардың, саяси жобалар мен динамикалы, жариялы пікірталастардың ашық әрі әділетті бәсекесін әрдайым жақтап келдім»,- деді ол.
«Қазақстандықтар өз ісімен Отанына адал қызмет ететінін паш еткен, іс-әрекеттердің нақты стратегиясы мен оны жүзеге асыра алатын, бір ауызды топтасқан командасы бар жетекшіні таңдайды дегенге еш шүбә келтірмеймін»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта