Қазақстан президенті Оңтүстік Қазақстан облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Оңтүстік Қазақстан облысына барды

Қазақстан президенті Оңтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін, 1-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы аяқталғаннан кейін үш күндік жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 549
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы мінген ұшақ Шымкент әуежайына 15 сағат 28 минутта келіп қонды. Әуежайда Н.Назарбаевты облыс әкімі Болат Жылқышиев пен Шымкент қаласының әкімі Ғалым Жұмжаев қарсы алды. Осы жерде тікұшаққа ауысып мінген Елбасы Мақтаарал ауданына ұшып кетті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Н.Назарбаев Мақтаарал ауданында «Кетебай» өндірістік кооперативінің мақта егістіктерін аралап, облыстағы мақташылармен жүздеседі. Осыдан кейін Жетісай ауданының орталығына барып, орталық алаңда қала тұрғындарымен жүздеседі.
Сапар бағдарламасына сәйкес, жұмада президент Отырар ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен Маяқұм ауылының тұрғындарымен кездеседі. Артынша ол Түркістан қаласына ат басын тіреп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бас сұғып, Халықаралық қазақ-түрік университетінің салтанат залында зиялы қауым өкілдерімен жүздеседі.
Сапарының үшінші күнін мемлекет басшысы Шымкентте өткізеді. Н.Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан «Нұрсәт» ықшамауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысады. «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» деп аталатын жаңа тоқыма кәсіпорнында болып, «Клара Центр Сапар» атты іскерлік орталықта аймақтың бизнес саласындағы бетке ұстар өкілдерімен кездеседі. Түстен кейін Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастармен жүздесіп, Қазақстан халықтарының тілдері фестивалінің ашылуына қатысады. Кешкісін Н.Назарбаев Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән байқауының біріккен концертіне қатысады.

Перейти к новостям спорта