Назарбаев Қазақстандық саперлердің Иракта болуына қатысты мәселе бойынша еліміздің сыртқы саяси бағыт-бағдары өзгермейтінін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстандық саперлердің Иракта болуына қатысты мәселе бойынша еліміздің сыртқы саяси бағыт-бағдары өзгермейтінін атап өтті

Назарбаев Қазақстандық саперлердің Иракта болуына қатысты мәселе бойынша еліміздің сыртқы саяси бағыт-бағдары өзгермейтінін атап өтті

"Еліміздің сыртқы саясат саласындағы басымдықтары өзгеріссіз қалады. Ирак халқына көмек көрсету үшін еліміздің саперлік отрядын қалдыру немесе кері қайтару мәселесін қарастырған кезде біз дәл осындай байламды басшылыққа аламыз". Қазақстан резиденті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 1-қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық бітімгершілер онда адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жүр»,- деді президент. Дегенмен, президент осы орайда «кейінгі кездері халықаралық коалицияға қатысушылардың саны азая түсуде» дегенді атап өтті.

Өздеріңізге мәлім, Иракта «Қазбат» бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отряды жұмыс істеуде. 2005-жылдың 9-қаңтарында отряд капитаны Қайрат Құдабаев Ирактың Васит провинциясында оқ-дәрілерді түсіру барысында қаза тапты. Қазақстандық тағы да төрт әскери қызметкер сол күні жарақаттанды.

Перейти к новостям спорта