Атырау облысында жүк поезының 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жүк поезының 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті

Атырау облысында жүк поезының 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті

1-қыркүйекте Атырау облысында Доссор және Мақат станцияларының ортасында, Атыраудан 120 шақырым жерде №414 темір жол өткелегінде Мақат-Атырау бағытындағы жүк поезының 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 504
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнына келіп жеткен кезде құрылыс материалдарын тиеген 2 жабық вагон мен мұнай өнімдерін тиеген вагон-цистерна және тепловоз жанып жатқан. Тепловоздың кабинасынан өртеніп өлген адамның мәйіті табылды. Соның салдарынан темір жолдағы қозғалыс тоқтатылды.

Қазір вагондардың жолдан шығып кету және өртену себептері анықталып жатыр.

Перейти к новостям спорта