ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 жастағы Р.Чагиловқа қатысты қылмыстық істі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 2005-жылдың маусым айында қозғап, оған іздеу жариялаған. РФ сот органдары Чагиловты қамауға алуға рұқсат берген.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің құқықтық көмек көрсету туралы өтінішіне сәйкес ҚР ҰҚК Чагиловты Таразда ұстады. Сөйтіп, прокуратура органдарының қаулысы бойынша оны экстрадициялауға шешім қабылданды.
ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті 1-қыркүйек күні «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар және құқықтық көмек туралы» 1993-жылғы Минск конвенциясының негізінде ҚР бас прокуратурасының санкциясымен Астана халықаралық әуежайында Ресейдің құқық қорғау мекемелеріне табыс етілді.