Прокуратура Астана қалалық соттары администраторының есепшотынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Астана қалалық соттары администраторының есепшотынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Прокуратура Астана қалалық соттары администраторының есепшотынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Прокуратура Астана қалалық соттары администраторының депозиттік есепшотынан ірі көлемде ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Астана қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 371
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2005-жылдың 24-мамырында әзірге аты-жөні анықталмаған біреулер Астана қалалық соттары администраторына Елордасының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясының атынан жалған бұйрықты орындауға әкеледі. Құжатта «АЭС-ТНТ» ЖШС-нің пайдасына «Теплоцентр+» ЖШС-інен 32 млн. теңгеден астам қаржыны өндіріп алу көрсетіліпті. Сонымен бірге «Теплоцентр+» ЖШС-нің 48 млн. теңге көлеміндегі қаржысын тұтқындау туралы жалған анықтама және тапсырылған.

Астана қалалық соттары администраторының атына келіп түскен бұйрыққа сәйкес 26-мамырда бұйрықты іске асыру құжаты қозғалып, 32 млн. теңге «АЭС-ТНТ» ЖШС-нің есепшотына аударылған.
Қазір Астана қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері аталмыш қылмыстық істі тексеріп жатыр.

Перейти к новостям спорта