Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай шекарашылар жасағының «Тобол-железнодоржный» шекаралық өткелегінде Қарталы (Ресей)- Тобол (Қазақстан) бағытындағы электропоезға отыратын сәтте өзінің өрескел қимыл-әрекеттерімен күдік тудырған Ресей азаматын ұстады. Шекарашылар тінту нәтижесінде жолаушының дорбасындағы тандыр нандардың ішінен фольга қағазына оралған шетел валютасын тапты. Ол Ресейде адал еңбегіммен тапқан ақшаны алып, Алматыдағы туыстарыма кетіп барамын деп түсіндірген.
Тұтқын арықарай тексеру мақсатында кеденнің контрабанда бөліміне табысталды.