Қырғызстан парламенті Айдар Ақаевты депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесін қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті Айдар Ақаевты депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесін қарайды

Қырғызстан парламенті Айдар Ақаевты депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесін қарайды

Қырғызстан парламенті -Жогорку кенеште бұрынғы президенттің ұлы Айдар Ақаевты депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы республика бас прокурорының таныстыруын зерттеу комиссиясы құрылды. Бүгін, 2-қыркүйекте Қырғызстан парламентінң отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың таныстыруы парламентке биылғы 23-маусымда келіп түскен. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, бұл мәселе үш айдың ішінде, демек, 23-қыркүйекке дейін шешімін табуға тиіс.
А.Ақаевтың үстінен төрт қылмыстық іс қозғалды. Оған заңсыз тапқан қаржы немесе басқа мүлікті легализациялағаны, көпе-көрнеу заңсыз жолмен тапқан қаржы немесе мүлікке қатысты қаржылық операцияларды жүзеге асырғаны үшін айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта