Алматы облысында көп адамның тамақтан улануына Ресейде өндірілген кеспе себепкер болған - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында көп адамның тамақтан улануына Ресейде өндірілген кеспе себепкер болған

Алматы облысында көп адамның тамақтан улануына Ресейде өндірілген кеспе себепкер болған

Алматы облысының Іле ауданында көп адамның тамақтан улануына Ресейде өндірілген "Ролтон" атты дайын кеспе өнімі себепкер болған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 775
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, төтенше оқиға 4-қыркүйекте Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Эссам-Алатау» ЖШС аумағында болған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік ақпаратына сәйкес, улану салдарынан бір Қырғызстан азаматы қайтыс болып, тағы да Қырғызстанның бес, Қазақстанның екі азаматы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.
Тергеу барысында анықталғанындай, адамдар кеспені Алматы облысы ГРЭС ауылындағы бір дүкеннен сатып алған. Дүкендегі барлық «Ролтон» өнімдері тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен зардап шеккен адамдардың денсаулығы түзеле бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта