Statoil 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп теңіздегі Абай құрылымын алдын-ала бағалау жобасын жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Statoil 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп теңіздегі Абай құрылымын алдын-ала бағалау жобасын жасайды

Statoil 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп теңіздегі Абай құрылымын алдын-ала бағалау жобасын жасайды

Норвегияның Statoil мемлекеттік мұнай компаниясы жуырда "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-мен Каспий теңізіндегі мұнай қорын игеру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Соған сәйкес компания алдағы жарты жылда Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі Абай құрылымын алдын-ала бағалау жобасын жасауды межелеп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Statoil мемлекеттік мұнай компаниясының Қазақстан жөніндегі бас менеджері Пер Эйнар Реттедал хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп бірінші кезекте көмірсутегі қоры болжанып, қажетті бағалау жұмыстары жүзеге асырылады. Бұрғыланатын барлау ұңғыларының саны анықталады. «Алдын-ала бағалау барысында мұнай тасымалданатын болашақ жолдар айқындалады»,- деді ол.
П.Реттедалдың айтуынша, Абай жобасының алдын-ала бағасы бұдан да қысқа мерзім ішінде дайын болуы мүмкін. Бұдан кейін жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалып, шығын көлемі айқындалады.
Ол сонымен бірге Statoil мен ҚазМұнайГаз алдағы жылы қаржылық мәселелер дәйектелетін келісім-шартына қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Норвегиялық компания Абай құрылымындағы бұрғылаудан бастап игеру және тасымалдауға дейінгі барлық игеру жұмыстарына атсалысудан мүдделі»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта