Форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірінші Азаматтық форум 2003-жылдың қазан айында өтті. Оған қатысушылар Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға арнап мәлімдеме қабылдады. Онда мемлекет пен бейресми ұйымдар арасында демократияны тереңдету, ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтау, бейбітшілік пен келісімді бекіте түсу негізі ретінде әріптестікке негізделген ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігі атап көрсетілді.
2005-жылдың алғашқы жартысындағы жағдаймен Қазақстан халқының саны 15146,8 мың адамды құрады. Елімізде 5 мыңдай үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті