Ақтаудағы пластмасса зауытының негізінде битум өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы пластмасса зауытының негізінде битум өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр

Ақтаудағы пластмасса зауытының негізінде битум өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр

Атыраудағы "Полипропилен" және Ақтаудағы пластмасса зауытының мүліктік кешендеріне иелік ететін, "SAT&Co" компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын "Атолл" акционерлік қоғамы пластмасса зауытының негізінде битум өндірісін ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл туралы Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында "SAT&Co" кәсіпорнының бас директоры Нұрлан Әбдуов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 2231
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, «Атолл» АҚ Қазақстан даму банкіне өндірісті дамыту үшін 30-35 млн. доллар қаржы бөлу туралы өтініш берді.
Болашақ өндіріс жылына 250-300 мың тонна битум өндіруге тиіс. «Бұл — кәсіпорында іске асырылғалы отырған кезекті жоба»,- деді Н.Әбдуов. Жалпы алғанда зауытта мұнайхимиясының кең көлемді өнімдер түрін шығару көзделген. Соның ішінде өз шикізаты — стирол да бар. «Алдағы жылдарда пластмасса зауыты Қазақстандағы химия өнеркәсібінің көшбасшысына айналады»,- деді ол.
Бүгінгі таңда құрылыс битумы тек Павлодар мұнай өңдеу зауытында ғана шығарылады. Ресей шикізатынан өнім өндіретін бұл зауыт республикадағы сұранысты толыққанды қанағаттандыра алмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта