Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің форумында туристік кластерді дамыту тақырыбына баса назар аударылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің форумында туристік кластерді дамыту тақырыбына баса назар аударылады

Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің форумында туристік кластерді дамыту тақырыбына баса назар аударылады

9-қыркүйекте Шымкентте өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің бесінші форумында туристік кластерді дамыту тақырыбына баса назар аударылады. Бұл туралы журналистерді облыстық индустрия және сауда департаментінің төрағасы Пернебай Әубәкіров құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz



П.Әубәкіровтың айтуынша, қазір облыста туристік кластер құру туралы бағдарламаның жобасы жасалған. Мамандардың пікірінше, жоғары деңгейде дамыған инфрақұрылым мен білікті басқару болған жағдайда туризм саласы облыстық бюджеттің ең бір пайдалы көрсеткішіне айналуға тиіс. «Облыста туризм экологиялық, спорттық-туристік және қажылық деген үш бағытта дамып келеді. Облыста бұған мүмкіндік толық, инфрақұрылымның 40-50 проценті бар»,- деді П.Әубәкіров.
Форум аясында «Оңтүстіктің таңдаулы тауарлары» атты байқау мен ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді.
П.Әубәкіровтың айтуынша, биылғы шаралардың тұрпаты шамалы өзгертіледі. «Біз енді шығарылған өнімдерді тек көрмеге қоюмен ғана шектелмейміз. Кәсіпорындардың алдына алдағы бес жылға есептелген өз жоспар-жобалары, кәсіпорынның келешегі туралы әңгімелеу мақсаты қойылған»,- деді ол.
Облыстық тауар өндірушілердің форумына Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының кәсіпкерлері қатысады. Форумның соңында таңдаулы тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер 10 номинация бойынша марапатталады.
Облыс басшылығының пайымдауынша, бұл — соңғы форум болуы мүмкін, өйткені бұл шара бастапқыда облыстағы кәсіпорындарды аяғынан тұрғызу үшін өткізіліп келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта