Үкіметте өткен кеңесте Қазақстандағы мұнайхимиясы өндірісінің бас жоспары сараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте өткен кеңесте Қазақстандағы мұнайхимиясы өндірісінің бас жоспары сараланды

Үкіметте өткен кеңесте Қазақстандағы мұнайхимиясы өндірісінің бас жоспары сараланды

Үкіметте өткен кеңесте Қазақстандағы мұнайхимиясы өндірісінің бас жоспары сараланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2005
  • 510
Фото - Caravan.kz



Жобаны Nexant LTD және КАТЭК компаниялары іске асырады.
«Бұл жобаның басты мақсаты — Қазақстанда мұнайхимиясын дамыту перспективасын бағалау және бұл салаға шетелдік инвесторларды тарту бағытында нұсқаулар жобасын жасау болып табылады»,- деді кеңесті ашқан республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.
Nexant LTD компаниясы өкілінің пайымдауынша, «Қазақстанда жылына 1 млрд. доллар көлемінде пайда әкелетін негізгі үш жоба бар». «Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін мемлекет мұнайхимиясына қолдау көрсетуге, атап айтсақ, шикізаттың қолайлы бағаға сатылуына кепілдік беруге, болашақ инвесторларға арнап ақпараттар таратуға және мұнайхимиясы өндірісін базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге тиіс»,- дейді ол.
Nexant LTD компаниясының бағалауынша, «Қазақстандағы мұнайхимиясы өнімдері Батыс Еуропа мен Азияға экспорттаған жағдайда бәсекелестік қабілетке ие болмақ».
Республика үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, «шикізат көздеріне жасалған талдау қорытындысы мұнайхимиясын дамыту үшін этанды бастапқыда Теңіз кенішінен, ал артынан Қашаған кенішінен шыққан газдан алудың тиімділігін көрсетіп отыр». Үкімет басшысы бұл саладағы зерттеулердің одан әрі жалғасатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта