«Мен қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңіске жететініне сенімдімін. Қазақстандықтардың басым бөлігі сияқты мен бұған шәк келтірмеймін»,- деп мәлімдеді О.Мұхамеджанов.
Мәжіліс депутаты Валерий Котовичтің пікірінше, «сайлау алдындағы науқан қызу болайын деп тұр». «Қазақстандықтардан басым дауыс жинаған үміткер жеңеді»,- деді ол.
«Сайлау алдындағы науқан қызады» , деген пікірге депутат Ерасыл Әбілқасымов та қосылады. Өйткені, оның пікірінше, «алдағы сайлауға аса қарымды бәсекелестер қатысады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ел Консттуциясына сәйкес бүгін мәжіліс депутаттары кезекті президент сайлауының мерзімін жария етті. Қазақстан президентінің сайлауы 2005-жылғы 4-желтоқсанда өтеді.
Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті