Әлемдік банк Батыс Тянь-Шаньдағы биологиялық түрлерді сақтап қалу мақсатына 10 млн. доллар бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк Батыс Тянь-Шаньдағы биологиялық  түрлерді сақтап қалу мақсатына  10 млн. доллар бөлді

Әлемдік банк Батыс Тянь-Шаньдағы биологиялық түрлерді сақтап қалу мақсатына 10 млн. доллар бөлді

Әлемдік банк Батыс Тянь-Шаньдағы биологиялық түрлерді сақтап қалу мақсатында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтеріне 10 млн. доллар көлемінде грант бөлді. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында Әлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Лу Брефор құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 711
Фото - Caravan.kz



«Жобаның басты мақсаты — Батыс Тянь-Шань өңіріндегі бірегей әрі нәзік биологиялық ортаға қолдау көрсету және үш мемлекетке биологиялық түрлерді сақтап қалу саласындағы ұлттық саясатты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады»,- деді Лу Брефор.
ҚР ауылшаруашылығы министрлігі орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Ковальдің хабарлауынша, бұл жобаны үш мемлекеттің үкіметтері де қосымша қаржыландырады. Қазақстан Республикасының бюджетінен 266 млн. теңге бөлінді.
«Үш елдің осы бағыттағы жұмыстарын келісе үйлестіру шаралары 2000-жылы қолға алынды. Жобаның Қазақстанға қарасты бөлігін жүзеге асыруға бағытталған барлық шараларды биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау межеленіп отыр. Ал жоба 2006-жылдың маусымында толық аяқталады»,- деді И.Коваль.
Ауылшаруашылығы министрлігі өкілінің айтуынша, Батыс Тянь-Шань өңірінде тау ормандарының сан алуан түрін қамтитын Жер бетіндегі ең бір көрікті экологиялық аймақ орналасқан. Бұл жерде өсімдіктердің 400, жан-жануарлардың 200 түрі кездеседі. Бұл өңірдің Қазақстанға қарасты бөлігінде 3 ұлттық саябақ пен 3 қорық, Өзбекстан жағында 1 ұлттық саябақ пен 1 қорық, Қырғызстанға қарасты бөлігінде 8 ұлттық саябақ пен 5 қорық орналасқан.
Сонымен бірге И.Коваль Қазақстан үкіметі Әлемдік банктен «ормандарды сақтап қалу және ел аумағындағы орманды алқап аумағын ұлғайту жөніндегі» жобаны жүзеге асыруға 30 млн. доллар көлемінде жеңілдетілген несие алғалы отырғанын хабарлады. Бұл жобаны қосымша қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 28 млн. доллар бөлу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта