«Қазіргі жағдаймен мәлім болғанындай, Қазақстанның төрт азаматы Миссисипи штатына, тағы бірнеше азамат Хьюстонға көшірілген»,- деді У.Қоңырбаев. «Олар елшілікке өз бетімен телефон қоңырауын шалып, аман-есен екенін жеткізді»,- деді ол.
Консулдық қызмет төрағасының айтуынша, «АҚШ азаматына күйеуге шығып, көптен бері сонда тұратын бір әйелді ескермегенде», табиғи апат аймағында қалған азаматтардың бәрі де студенттер. Апат аймағынан көшірілген Қазақстан азаматтарының арасынан бір қыздан басқасы түгелдей АҚШ-тан кетуден бас тартқан.
«Дәл қазір біз апат аймағында отандастарымыз жоқ деп кесіп айта алмаймыз»,- деді У.Қоңырбаев. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі бұл елді тастап шыққысы келетін еліміз азаматтарына жәрдемдесуге дайын, деді ол.
Консулдық қызмет төрағасы ҚР СІМ-нің Астанадағы телефон номерлерін беріп, туыстары АҚШ-та табиғи апат аймағында қалу мүмкіндігі бар адамдарды мынадай телефондар арқылы хабарласуға шақырды: күндіз 8 (3172) 72-01-64, кешке немесе демалыс күндері 8 (3172) 72-01-11 .
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті