АҚШ-тың бұрынғы президенті Қазақтандық оппозицияның жетекшісімен кездесуде сайлауға бақылаушылық жасауға көмектесуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың бұрынғы президенті Қазақтандық оппозицияның жетекшісімен кездесуде сайлауға бақылаушылық жасауға көмектесуге уәде берді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Қазақтандық оппозицияның жетекшісімен кездесуде сайлауға бақылаушылық жасауға көмектесуге уәде берді

Қазақстанға жеке сапармен келген АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон 7-қыркүйекте "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездесуде алдағы президент сайлауына Картер атындағы орталықтың бақылаушыларын қатыстыруға түрткі болуға уәде берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қозғалыстың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 462
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Картер атындағы орталық (The Carter Center) АҚШ-тың бұрынғы президенті Джеймс Картер басқаратын ықпалды ұйым болып табылады.
Қазақстандағы болашақ президент сайлауы туралы мәселеге тоқталған Б.Клинтон «үміткерлерге телеарналарда көрінуге бірдей мүмкіндік беру, сайлау комиссияларында бірдей өкілдік беру, әкімшілік тарапынан араласуға және азаматтардың таңдауын бұрмалауға жол бермеу қажеттігін» атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта