2005-жылдың 8 айында "Маңғыстаумұнайгаз" 3,7 млн. тонна мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 8 айында "Маңғыстаумұнайгаз" 3,7 млн. тонна мұнай өндірді

2005-жылдың 8 айында "Маңғыстаумұнайгаз" 3,7 млн. тонна мұнай өндірді

2005-жылдың 8 айында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 3 млн. 740 мың 600 тонна мұнай өндірді. Бұл межеленген мөлшерден 148 мың тоннаға артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 312
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл өнім өндіру мөлшері ай сайын 1 процентке артып отыр. Сонымен бірге тәуліктік орташа өнім өндіру көрсеткіші 1 мың тоннаға өсті. Егер былтыр бір тәулікте 14 мың 700 тонна мұнай өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 15 мың 800 тоннаға жетті.
2004-жылдың қорытындысы бойынша компания 5 млн. 255 мың тонна мұнай өндірді. Ал биыл компания 5,5 млн. тонна мұнай өндіруді көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта