Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандарға арналған жаңа ауылдың іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандарға арналған жаңа ауылдың іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандарға арналған жаңа ауылдың іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандарға арналған жаңа ауылдың іргетасы қаланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz



Кеше, 7-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінде оралмандарға арналған жаңа ауылдың орнына қада қағылды. Шымкенттің іргесінде 200 гектар аумақты иемденетін аумақтан Өзбекстанның Жызақ және Сырдария облыстарынан қоныс аударған 1,5 мың отбасы жер телімдерін алды. Оралмандарға тек жер берілді. Баспананы олар өз күшімен салады. Жергілікті бюджет бұл жерде аурухана, балабақшалар мен мектептер салуға ғана қаржы бөлмекші.
Сайрам ауданының әкімі Өмірзақ Әметұлының айтуынша, ауданның барлық ауылдық округтерінде өз бетімен үй салуға арналған учаскелер бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта