Павлордар облысының Голубовка ауылында құс тұмауына байланысты карантин алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлордар облысының Голубовка ауылында құс тұмауына байланысты карантин алынды

Павлордар облысының Голубовка ауылында құс тұмауына байланысты карантин алынды

Аса қатерді құс тұмауы індетіне шалдығуға байланысты құстардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелген Павлордар облысының Ертіс ауданы Голубовка ауылында құс тұмауына байланысты карантин алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар облыстық аумақтық басқармасынан хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 748
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Голубовка ауылындағы «НАН» шаруа қожалығының фермасында шілде айында құс тұмауына шалдығып жаппай қырылуға байланысты 2350 қаз бен 450 үйрек індеттің алдын-алу мақсатында жойылды. Ауылшаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының хабарлауынша, шығынды өтеп беру үшін шаруашылыққа әрбір құстың орнына 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленді.
Басқарма мамандары осы айдың басында құс фабрикасы мен Голубовка ауылында бақылау мақсатында қайтадан тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде осы аптада Голубовка ауылындағы карантин алынды.
Дейтұрғанмен, мамандардың айтуынша, Голубовка ауылынан құс шаруашылығы өнімдерін шығаруға салынған тыйым әзірге алынған жоқ. Сондай-ақ республикаға Ресейден, сол сияқты Ресей жағында Қазақстаннан құс өнімдерін әкелуге тыйым салынған.
Ресейдің Омбы, Новосибирск облыстары мен Алтай аймағымен шектесетін облыс шекарасында Ресейден зарарлы өнімдердің әкелінуіне тосқауыл қою үшін мал дәрігерлік бекеттер орнатылған. Сонымен бірге қазір Павлодар облысы аумағындағы барлық шекаралық бекеттерде стационар дезинфекциялық тосқауылдар салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Облыс бойынша Павлодар мен Шарбақты ауданында екі құс фабрикасы жұмыс істейді. Мамандардың қатаң бақылауындағы бұл фабрикалардың өнімдерін сатуға тыйым салынған жоқ. Облыстағы құс өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар да мамандардың бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта