Нұрсұлтан Назарбаевты президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясына табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаевты президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясына табыс етілді

Нұрсұлтан Назарбаевты президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясына табыс етілді

Мемлекет басшысының сенімді өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясына табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-қыркүйекте Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс ҮІІІ сьезі барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың атын президенттіктен үміткер ретінде ұсыну туралы қаулы қабылданды. Мемлекет басшысы «Отан» партиясының атынан президент сайлауына қатысуға келісімін берді.
Қазақстан президентінің кезекті сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтетіні өздеріңізге мәлім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті