Алматы қаласының әкімі инженерлік желіге қосылу ақысын құрылысты салушылардан алуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі инженерлік желіге қосылу ақысын құрылысты салушылардан алуды ұсынады

Алматы қаласының әкімі инженерлік желіге қосылу ақысын құрылысты салушылардан алуды ұсынады

Алматы қаласының әкімі инженерлік желіге қосылудың бір мәрте ақысын құрылысты салушылардан алуды ұсынады. Сенбі күні өткен қала құрылысы жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Иманғали Тасмағамбетов осындай ұсыныс жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Алматы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 504
Фото - Caravan.kz



Әкімнің айтуынша, 2005-2007-жылдарда Алматыда жеке меншік компаниялардың инвестициясын ескергенде 1,7 млн. шаршы метрден астам құрылыс нысандары пайдалануға беріледі. «Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін және басқа да нысандарды пайдалануға беру үшін тек электр қуатымен қамтамасыз ету саласында ғана 200 млн. доллар немесе 30 млрд. теңге көлемінде ауқымды инвестиция қажет. Бұл қаржыны мемлекет қоржынынан бірден бөлу мүмкін емес. Сол себепті біз балама қаржыландыру көздерін іздестіруіміз керек»,- деді әкім.
Осыған байланысты И.Тасмағамбетов инженерлік желіге қосылу ақысын бір киловатт үшін 31 мың теңге көлемінде құрылысты салушылардан алу туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына ұсынуды сұрады. «Мәселен, 1 мегаватт электр қуатының көзіне қосылу үшін инвестор — заңды тұлға 31 млн. теңге немесе 200 мың доллар төлеуге тиіс»,- деді әкім.
Әкімнің пайымдауынша, бұл — мүмкіндіктердің біреуі ғана. «Сонымен бірге өз қаржысы есебінен 5 жыл ішінде бұл бағдарламаны толық көлемде жүзеге асыруға көмектесетін инвестор табуға болады. Ол қаладағы шаруашылықтар мен пайдалануға берілетін нысандарды электрмен қамтамасыз ету үшін қажет»,- деді ол.
«Қазіргі таңда нысандарды электрмен қамтамасыз ету үшін біз тек техникалық шартты ғана бере аламыз. Ал нысандарды инженерлік желіге қосуға құрылыс мердігерлері де атсалысуға тиіс. Мемлекет бәрін тегін беретін кез келмеске кетті»,- деді әкім.
Осыған байланысты И.Тасмағамбетов экономика және бюджетті жоспарлау департаментіне энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментімен бірлесіп бағдарлама нысандарын инженерлік тұрғыда қмтамасыз ету мәселесін дәйектеуді тапсырды.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта