2006-жылға арналған республикалық бюджет жобасын парламент 7-қарашада алғашқы оқылымда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылға арналған республикалық бюджет жобасын парламент 7-қарашада алғашқы оқылымда қарайды

2006-жылға арналған республикалық бюджет жобасын парламент 7-қарашада алғашқы оқылымда қарайды

"2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент палаталарының бірлескен отырысы 7-қарашада алғашқы оқылымда қарайды. Бұл туоралы бүгін, 13-қыркүйекте бюджет жобасының парламенттегі тұсаукесері барысында мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz

К.Сағадиевтің айтуынша, республикалық бюджет туралы заң жобасы 19-қазанда мәжілістің жалпы отырысында қаралады. Депутаттар 7-қарашада парламенттің бірлескен отырысында құжатты алғашқы оқылымда, ал 11-қарашада екінші оқылымда қарайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, 2006-жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 8,3 процентті құрап, 8 трлн. 65 млрд. теңгеге жетеді. Қ.Келімбетовтың айтуынша, 2006-2008-жылдары Жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі 15,6 процент көлемінде болжануда.
2006-жылы тұтыным бағасының индексі 5-7 процент аралығында болжанды. Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа айырбас бағамы 1 доллар үшін 127 теңгені құрамақ. Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бір баррель үшін 47 доллар көлемінде, ал экспорттық баға 1 баррель үшін 35,3 доллар болады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта