Н.Қаппаров PetroKazakhstan компаниясының директорлары кеңесінен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Қаппаров PetroKazakhstan компаниясының директорлары кеңесінен шықты

Н.Қаппаров PetroKazakhstan компаниясының директорлары кеңесінен шықты

Нұрлан Қаппаров 11-қыркүйекте PetroKazakhstan Inc. компанияның директорлары кеңесіне жеке басына қатысты себептермен отставкаға кететінін хабарлады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне PetroKazakhstan компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Директорлар кеңесінің төрағасы Бернард Изотье Н.Қаппаровқа кеңес атынан компаниядағы табысты еңбегі үшін ризашылық білдірді.
Н.Қаппаров PetroKazakhstan компаниясының директорлары кеңесіне 2003-жылғы 31-қазанда директор болып сайланған.
Н.Қаппаров 1997-1998-жылдары «ҚазТрансОйл», 1998-1999-жылдары «Қазақойл» мемлекеттік компанияларының президенті және бас атқарушы директоры болды. 1999-2001-жылдар аралығында ол ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекеттік мекемелердегі қызметіне дейін Н.Қаппаров Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жұмыс істейтін компаниялар тобының негізін қалады.
Қазір PetroKazakhstan компаниясының директорлары кеңесіне Бернард Изотье, Джемс Доак, Жак Лесевр, Луи Мак Эхерн мен Грэм Фипс енеді.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта