ҚазТрансОйл жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2005-жылдың 8 айында 1,4 процентке кеміді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазТрансОйл жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2005-жылдың 8 айында 1,4 процентке кеміді

ҚазТрансОйл жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2005-жылдың 8 айында 1,4 процентке кеміді

"ҚазТрансОйл" АҚ жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 2005-жылдың 8 айында былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,4 процентке кеміді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 343
Фото - Caravan.kz



Ақпаратқа сәйкес, тасымалдау көлемінің кемуі Қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардың «ҚазТрансОйл» жүйесіне жіберілетін мұнайдың азаюына байланысты.
2005-жылдың аяғына дейін мұнай тасымалдау көлемі 36 574 мың тоннаға жетеді деген болжам бар.
2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында «Интергаз Орталық Азия» АҚ -ның магистралдық газ құбырымен газ тасымалдау көлемі 84,56 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2004-жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіштен 3,35 млрд. текше метрге артық.
2005-жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалдау көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта