Министрдің айтуынша, ішкі несиелер бұрынғыдай Қаржы министрлігі тарапынан мемлекеттік құнды қағаздар шығару арқылы жинақталады. Қ.Келімбетовтың айтуынша, мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясы негізінен қор рыногындағы құралдардан тапшылық тартып отырған зейнетақы қорларына бағышталған.
«Ал сыртқы несиелерді тұтастай алғанда қысқарта түсуден мүдделіміз. Өйткені, біз бір жағынан өзіміз сыртқа қарыз берумен бірге , екінші жағынан, Ұлттық қордағы қаржыны сақтап отырмыз»,- деді экономика министрі. Оның айтуынша, бюджет тапшылығының межеленген мөлшері жоспарлы түрде 2005-жылғы 1,7 проценттен 2008-жылы 0,5 процентке дейін кеми түседі. «Басқаша айтқанда, біз кепілді мемлекеттік қарыз көлемін азайта түспекпіз»,- деді Қ.Келімбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті