Президент пен ENI корпорациясының бас директоры Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент пен ENI корпорациясының бас директоры Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады

Президент пен ENI корпорациясының бас директоры Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады

Бүгін , 13-қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Эни" корпорациясының бас директоры Паоло Скарониді қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 622
Фото - Caravan.kz



Кездесу барысында Н.Назарбаев пен П.Скарони Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады.
П.Скарони кездесуден кейін: «президентпен кездесуде болашақ туралы талқыладық. Бұл жерде болашақ деген ұғымға тек кеніштер ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіпке, соның ішінде мұнайхимиясына инвестиция салу мәселесі де енеді»,- деді корпорация басшысы.
Қазіргі таңда ENI корпорациясы Нигерия, Пәкістан, Иран, Ангола, Египет, Италия, Австралия және Венесуэланың мұнай және газ кеніштерін игеруге атсалысады.
Қазақстанда ENI корпорациясы Қашаған кеніші бойынша 16,7 процент, Қарашығанақ кеніші бойынша 32,5 процент, КТК акцияларының 2 проценттік үлесін иемденеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта