«Бұл іске үкімет, азаматтық қоғам, БАҚ-тар, жеке меншік сектор мен халықаралық ұйымдарды кеңінен жұмылдыру қажет»,- деді еліміздің бас дипломаты.
Форумға қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің І сьезін өткізу және ІІ сьезге дайындық барысы туралы бастамасынан хабардар болды. Қ.Тоқаев сонымен бірге Қазақстанның конфессияаралық келісім мәселесі бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының конференциясын өткізуді межелеп отырғанын хабарлады.
Форумға қатысушылар халықтар, мәдениеттер мен діндер арасындағы келісім мен төзімділікті нығайту үшін дінаралық диалог пен ынтымақтастықты дамытуға нақты әрі жан-жақты күш жұмсау қажеттігімен келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша әлемдік қауымдастықты дінаралық диалогты жандандыруға шақырған декларация қабылданды. Бас қосудың қорытынды құжатында Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезін өткізу жөніндегі бастамасына жоғары баға берілді.
Бұл форумға Пәкістан президенті Первез Мушарраф, Индонезия президенті Сусило Йодхоено, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Словения президенті Янес Дрновзек, Сенегал президенті Абдулла Вайд, Малайзия үкімет басшысы Абдула Ахмад Бадауи, Таиланд үкімет абсшысы Таксин Шиноватра, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичира Мацуура, Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу т.б тұлғалар қатысты.
БҰҰ бас ассамблеясының сессиясы аясында Қ.Тоқаев мерейтойлық форумға қатысушы әріптестерімен келіссөздер мен консультациялар өткізді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті