Бұл бағдарлама аясында жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық жобалармен алмасу, шетелдер мен Қазақстандағы түрлі ғылыми жаңалықтарды коммерциялық сипатқа көшіру, инжиниринг және технологиялар трансфертінің қазіргі заманғы тәжірибесін қалыптастыру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері ескерілген.
Сонымен бірге бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін инновациялық білім беру мен тәжірибе жүйесін құру, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың ІТ-мамандарын оқыту және олардың кәсіби біліктілігін шыңдау, жоғарғы технологиялар саласындағы орта және жоғары білім беру жүйесін дамыту көзделіп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті