Қ.Мәмидің кандидатурасы үшін жалпы отырысқа қатысқан 35 депутат түгелдей дауыс берді.
Қ.Мәмиді ҚР Жоғарғы сотының төрағасына сайлау туралы ҚР Жоғарғы сот кеңесінің нұсқауына негізделген Н.Назарбаевтың таныстыруы сенатқа ҚР Ата заңының 55-бабының 1-тармақшысы, 82-бабының 1-тармағы, сондай-ақ, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР заңының 31-бабының 4-тармағы, 30-бабының 5-тармақтарына сәйкес ұсынылды.
ҚР Жоғары сотын 2000-жылдан бері басқарып келе жатқан Қ.Мәми бұл лауазымға бүгін 5-жылдық мерзімге қайтадан сайланды.
Сенаторлардың сауалдарына жауап берген Қ.Мәмидің айтуынша, «алдағы 5 жылда ювеналдық соттарды құру, алқа билер сотын құру, соттардың беделін көтеру мен судьяның имиджін өзгертуге басымдық берілетін болады».
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті