Қазақстан президенттігінен үміткерлердің саны төртке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенттігінен үміткерлердің саны  төртке жетті

Қазақстан президенттігінен үміткерлердің саны төртке жетті

ҚР Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде бүгінгі жағдаймен төрт адам ат ұсынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2005
  • 530
Фото - Caravan.kz



2005 жылғы 12 қыркүйекте «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдаған «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің VIII кезектен тыс съезінің хаттамасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.
Н.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде туған, қазақ, тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, ҚР қазіргі президенті. Тұрғылықты жері: Астана қаласы. Қазақстан Республикасында 65 жыл тұрады. 2005 жылғы 9 қыркүйекте «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
2005 жылғы 8 қыркүйекте Уәлихан Әбішұлы Қайсаров ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ат ұсыну туралы өтініш берді. Өз бетімен ат ұсынушы.
У.Қайсаров 1965 жылғы 7 қазанда туған, қазақ, тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаты. Астана қаласында тұрады. Қазақстан Республикасында 39 жыл тұрады.
2005 жылғы 12 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Жармахан Айтбайұлы Тұяқбайды Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы шешімі қабылданған «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалпы жиналысы хаттамасы мен
Ж. Тұяқбайдың Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.
Ж.Тұяқбай 1947 жылы 22 қарашада туған, қазақ, тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Тұрғылықты жері: Алматы қаласы. Қазақстан Республикасында 57 жыл тұрады.
Сонымен бірге 13-қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде өз бетімен ат ұсыну туралы Алматы қаласының тұрғыны, «Дәстүр» ЖШС-нің төрағасы Сәлім Өтен өтініш берді.
Өтен Сәлім Сағындықұлы1951-жылы 25-мамырда туған, қазақ, тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Алматы қаласында тұрады. Қазақстан Республикасында 54 жыл тұрады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта