ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьясы сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьясы сайланды

ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьясы сайланды

Бүгін, 14-қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан президентінің таныстыруын қарау негізінде Раушан Нұртайды ҚР Жоғарғы сотының судьясына сайлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қыркүйек 2005
  • 502
Фото - Caravan.kz



Р.Нұртайды ҚР Жоғарғы сотының судьясы етіп сайлау туралы Н.Назарбаевтың таныстыруы сенатқа ҚР Ата заңының 55-бабының 1-тармақшысы, 82-бабының 1-тармағы, сондай-ақ, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылды.
Р.Нұртайдың кандидатурасы үшін жалпы отырысқа қатысқан 35 депутат дауыс берді.
Р.Нұртай 2002-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып істеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін сенат депутаттары сондай-ақ Қазақстан президентінің 2005-жылғы 12-қыркүйектегі таныстыруының негізінде Қайрат Мәмиді жаңа мерзімге ҚР Жоғарғы сотының төрағасы етіп сайлады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта