Экономиканың нақты секторы. 2005 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 3197 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 4,5% артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде — 3,7%, өңдеу өнеркәсібінде — 5,4%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде — 3% өсті.
Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны біршама төмендеу үрдісіне ие. Бұл кен өндіру өнеркәсібінде өндірістің өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты, бұған себеп — сыртқы сұранымның өсу қарқынының шектелуі, жөндеу жұмыстары, сондай-ақ ілеспе газ факелдарын жағуға тыйым салынуы.
Өңдеу өнеркәсібінде өсудің аса жоғары қарқыны сусындар мен темекіні қоса тамақ өнімдері өндірісінде (14,0%), тоқыма және тігін өнеркәсібінде (29,8%), машина жасауда (15,9%), кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндісінде (12,1%) байқалды.
Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жағдайы жақсара түсуде. Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы шілдеде қаржылық нәтиже табыс есебінде 163,4 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы шілдедегіден 62,1% кем. Пайдалылық деңгейі — 38,8%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 37,7% құрады.
2005 жылдың қаңтар-тамызында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 282,9 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 13,0% кеміді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің төмендеуіне негізгі себеп — ағымдағы жылдың тамызында жауын-шашынның көп болуына байланысты астық жинаудың тоқтатылуы.
2005 жылдың қаңтар-тамызында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1203,0 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,3% өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 821,4 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 11,5% артты.
2005 жылдың қаңтар-тамызында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 1185,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 1,5 есе жоғары.
2005 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 221776 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін — 208486. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар — 169129. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар — 156738 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері — 113960.
Бағалар. 2005 жылдың қаңтар-тамызында тұтыну бағаларының индексі 2004 жылғы қаңтар-тамыздағыдан салыстырғанда 107,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,1%, азық-түлік емес тауарлар — 6,4%, ақылы қызметтер — 7,4% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындар бағасы 2005 жылдың қаңтар-тамызында 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24,4% артты.
2005 жылғы тамызда тұтыну бағаларының индексі 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%, азық-түлік емес тауарлар — 3,0%, ақылы қызметтер — 4,9% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындар бағасы 2005 жылғы тамызда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21,8% артты.
Қаржы. 2005 жылдың 1 тамызына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі -1030,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 тамыздағыдан 40,9% артық, шығындар — 831,1 млрд. теңге (2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,7% көп).
2005 жылғы 1 тамызға табыстар бір жылға арналған анықталған бюджетке қатысты 65,3%, мемлекеттік бюджет шығындары — 52% орындалды.
Салық түсімдерінің құрылымында негізгі үлес корпорациялық табыс салығына — 36,9% (363,5 млрд. теңге) және ҚҚС-қа — 18,1% (178,8 млрд. теңге) тиесілі. Көрсетілген салықтар бойынша түсімдердің аса жоғары өсімі байқалады, бұл 2004 жылғы тиісті кезеңдегіден, тиісінше 2 есе және 22% асып түседі.
2005 жылғы 1 тамызға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1974,7 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 67,3%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 49,3% құрады. 2005 жылғы 1 тамызда банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1466,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы
1 тамыздағыдан 57,2% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары), тиісінше, 512,1 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 тамыздағыдан 31,9% көп.
Еңбек рыногы. 2005 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, сараптық бағалау бойынша, 627,7 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі — экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 7,8%, соның ішінде ағымдағы жылғы тамыздың соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 107,4 мың адам, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі — 1,4%.
2005 жылғы шілдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 34540 теңгені құрады және 2004 жылғы шілдемен салыстырғанда 20,6% өсті. Нақты жалақы 11,5% өсті.
Халық табысы. 2005 жылғы шілдеде, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 15808 теңгені құрап, 2004 жылғы шілдемен салыстырғанда — 118,1%, нақты ақшалай табысы — 109,1% өсті.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті