Петропавлда пара алды деген күдікпен полиция офицері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда пара алды деген күдікпен полиция офицері ұсталды

Петропавлда пара алды деген күдікпен полиция офицері ұсталды

Петропавл қалалық ІІБ-ның бөлім бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақтан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz

Полиция майоры ұрлыққа қатысы бар бір күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату ақысы ретінде өзінің жұмыс бөлмесінде 1600 доллар мен 40 мың теңге алып жатқан жерде қолға түсті.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу жөніндегі» 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл — пара алуға қатысты жыл басынан бері ашылған екінші дерек.