«Жалпы алғанда комиссия оң баға берді»,- деді С.Өтен емтиханнан кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында.
Саяси пікір-көзқарасы туралы журналистер сауалына С.Өтен «қазіргі билікке мүлдем кереғар оппозициялық көзқарастағы адаммын» деп жауап берді. «Қазіргі жүргізіліп жатқан тірліктерді мүлдем қолдамаймын»,- деді ол.
«Дәстүр» ЖШС- нің төрағасы болып табылатын Алматы қаласының тұрғыны С.Өтен Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде тіркеу туралы өтінішті ҚР Орталық сайлау комиссиясына 13-қыркүйекте тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті