Тараптардың пікірінше, бұл құжатқа қол қою «екі елдің құқық қорғау мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігіне оң ықпалын тигізеді».
Кездесу барысында тараптар лаңкестікпен, есірткі саудасымен және басқа да қылмыс түрлерімен күрес, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді өткеріп беру мәселелерін талқылады.
Түркияның әділет министрі экономикалық және саяси, адам құқығы мен бостандығын қорғау салаларындағы Қазақстанның жетістіктерін ерекше атады.
ҚР бас прокуроры республиканың мемлекеттік органдары жүйесінде прокуратураның атқаратын рөлінен хабардар етті.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті