Әзербайжан Қазақстанмен арадағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Қазақстанмен арадағы  туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Әзербайжан Қазақстанмен арадағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Әзербайжан Қазақстанмен арадағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Осынау үкіметаралық келісімге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы мамыр айындағы сапары кезінде қол қойылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 461
Фото - Caravan.kz



Сонымен бірге Әзербайжан мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің бұйрығымен Әзербайжан және Қазақстан үкіметтері арасында 1997-жылдың 10-маусымында қол қойылған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың басты принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама бекітілді.
Бұған қоса Әзербайжан мен Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері арасындағы ынтымақтатық туралы келісім бекітілді.
Әзербайжан үкіметіне аталмыш құжаттарды жүзеге асыруға қажетті шараларды қолдану міндеттелді. Республиканың сыртқы істер министрлігіне И.Әлиев туризм саласындағы үкіметаралық келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекет ішілік процедуралардың атқарылғаны туралы Қазақстан үкіметін хабардар етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта