Алматы -І темір жол бекетінің алдындағы алаңда жарылыс болып бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы -І темір жол бекетінің алдындағы алаңда  жарылыс болып бір адам зардап шекті

Алматы -І темір жол бекетінің алдындағы алаңда жарылыс болып бір адам зардап шекті

Алматы -І темір жол бекетінің алдындағы алаңда орналасқан дүңгіршекте газ баллоны жарылу салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Нина Петунина хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 501
Фото - Caravan.kz



Жарылыс 15-қыркүйекте 14 сағат 15 минутта самса сататын дүңгіршекте шыққан. Жарылыс қуатынан самса сатушы 19 жастағы қыз дүңгіршектің терезесінен атып шыққан. Ол қалалық 4-ші ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс салдарынан самса сататын екі дүңгіршек пен ұтыс билеттерін сататын жайма сөре жанып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер зардап шеккен жоқ.
Құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, «жарылысқа қолдан жасалған газ баллоны құралдарын пайдалану себепші болған».
Қазір бұл дерек бойынша Түріксіб аудандық ішкі істер бөлімі мен өрт сөндірушілер тергеу жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта