Қазақстан президенті қоғамдық штабқа сайлау заңнамасы талаптарының орындалуын қадағалауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті қоғамдық штабқа сайлау заңнамасы талаптарының орындалуын қадағалауды тапсырды

Қазақстан президенті қоғамдық штабқа сайлау заңнамасы талаптарының орындалуын қадағалауды тапсырды

Қазақстан президенті "Президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабқа" сайлау заңнамасы талаптарының орындалуын қадағалауды тапсырды. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте республикалық қоғамдық штабтың тұсаукесерінде Республикалық "Отан" саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы, штаб жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Бұл — президент алға қойған басты міндет. Штаб белсенділерінің басты мақсаты — нәтижесі қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастықтың күдік-күмәнін тудырмайтындай етіп, сайлауды әділетті, ашық әрі еркін өткізуді қамтамасыз ету болып табылады»,- деді Б.Жұмағұлов.

Штабқа «Отан», «Асар», Демократиялық партия, Аграрлық және Азаматтық партиялардың жетекшілері, бизнес , шығармышылық зиялы қауым өкілдері мен отандық спорт майталмандары енді.
«Президентті жақтаушы күштердің жаңа бірлестігі президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мен үміткердің сайлау алдындағы тұғырнамасына түсіндірме жүргізуді мақсат тұтады»,- деді Б.Жұмағұлов.

Перейти к новостям спорта