Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесудің қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасы тарапынан ҚР Қарулы күштеріне қайтарымсыз әскери көмек көрсету туралы келісім мен 2004-жылғы 16 млн. юань көлеміндегі осындай көмек туралы келісімді атқару хаттамасына қол қойылды.
Келіссөздер барысында сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері, екі жақты әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы талқыланды.
Қазақстан мен Қытайдың Қарулы күштері арасында өзара тиімді жылы қарым-қатынастар қалыптасқан. Түрлі әскери делегациялар мен тәжірибе алмасулар жүзеге асырылып, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде бірлескен оқу-жыттығулар өткізілуде. ҚХР еліміздің қарулы күштеріне әскери мамандар дайындау саласында көмек көрсетумен бірге бұған дейін 37 млн. юань көлемінде қайтарымсыз көмек берді.
17-қыркүйекте ҚХР қорғаныс министрін республика үкімет басшысы Даниал Ахметов қабылдайды деп күтілуде.
Сапар барысында Қытайдың әскери делегациясы Астана гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде болады. Әскери өкілдердің ресми сапары 18-қыркүйекте аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті