АҚШ Қазақстан басшылығының демократияландыру бағытындағы шараларын жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстан басшылығының демократияландыру бағытындағы шараларын жоғары бағалайды

АҚШ Қазақстан басшылығының демократияландыру бағытындағы шараларын жоғары бағалайды

Ресми АҚШ Қазақстан басшылығы тарапынан қоғамдық өмірді демократияландыру бағытында қолданып жатқан шараларды жоғары бағалайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының адам құқықтары жөніндегі орынбасары Глен Дэвис Нью-Йорк қаласында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөздері барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz



Кездесуде Қ.Тоқаев Г.Дэвис мырзаға Қазақстанның АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасты дамыту тұрғысындағы пайым-көзқарастарын таныстырып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың демократияны одан әрі дамыту және 2005-жылы әділетті әрі еркін сайлау өткізуді қамтамасыз ету жолында қолға алып жатқан шаралары туралы хабардар етті.
Г.Дэвис АҚШ тарапынан Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі өтінішінің іске асу барысын жіті қадағалап отырғанын, Орталық Азия аймағындағы жетекші ел ретінде Қазақстанның бұл лауазымға тағайындалу мүмкіндігі зор екенін атап өтті. Ол үшін елде демократиялық принциптер бұлжытпай орындалуы тиіс, деді ол.
Мемлекеттік хатшының орынбасары Қ.Тоқаевтың АҚШ сапарының маңызын жоғары бағалай отырып, бұл сапардың нәтижесінде екі жақты қарым-қатынаста оңды өзгерістер орын алғанын атап өтті.
БҰҰ-ның мерейтойлық сессиясы барысында ҚР СІМ Қ.Тоқаев сонымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Николас Бернспен кездесіп, онда екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кейбір мәселелерді сарапқа салды. АҚШ дипломаты өз елінің екі жақты қарым-қатынастарды дамытудан мүдделі екенін жеткізді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы консультациялардың соңында Қ.Тоқав АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен жүздесті. Ол АҚШ-тың елімізбен арадағы сауда-экономикалық және демократиялық принциптерге негізделген қауіпсіздік салаларындағы ықпалдастықты белсенді түрде тереңдете түсуге деген талпынысын тағы бір растады.
Келіссөздерге Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаев қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта