Павлодарда адамды екі апта бойы батареяға байлап қойып, ақша бопсалаған қылмыскерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда адамды екі апта бойы батареяға байлап қойып, ақша бопсалаған қылмыскерлер ұсталды

Павлодарда адамды екі апта бойы батареяға байлап қойып, ақша бопсалаған қылмыскерлер ұсталды

Павлодардағы бір үйдің батареясына адамды екі апта бойы байлап қойып, ақша бопсалаған жұмыссыз екі қылмыскер ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 421
Фото - Caravan.kz



Жергілікті бір фирманың 31 жастағы күзетшісін 27 және 40 жастағы екі жұмыссыз Торайғыров көшесінің бойындағы бір үйде ақша бопсалап екі апта бойы қамауда ұстаған. Олар осы мерзімде өз құрбанын соққыға жығып, тәлкекке салған.
Жәбірленуші қылмыскерлердің қолынан босап шыққаннан кейін полицияға шағымданыпты.
Қазір қылмыскерлер ұсталып, уақытша тергеу қапасына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «адамды заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі» 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта