ҚР әділет министрлігі патент жүйесін жаңалау стратегиясының жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігі патент жүйесін жаңалау стратегиясының жобасын жасауда

ҚР әділет министрлігі патент жүйесін жаңалау стратегиясының жобасын жасауда

ҚР әділет министрлігі патент жүйесін жаңалау стратегиясының жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз қмәслихатында ҚР әділет министрлігінің жанындағы санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Азамат Әмірғалиев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 696
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан Республикасындағы патент жүйесін жаңалау жөніндегі 2010-жылға дейінгі үкіметтік бағдарлама» деп аталатын құжаттың жобасы қазір жасалу үстінде»,- деді А.Әмірғалиев. Оның айтуынша, құжатты қабылдау нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, еліміздегі жаңалықтар мен өнертапқыштыққа қатысты сараптамалық қызметтің штаттағы жұмысшыларының саны көбейтіліп, санаткерлік меншік саласындағы оқу орталықтары құрылады.
«Қазіргі бар патенттік жүйе заман талаптарына сай келмейді. Патент беру мерзіміне және оны қорғау құжаттарының түрлеріне қатысты проблемалар баршылық»,- деді А.Әмірғалиев.
Заңгердің айтуынша, патент жүйесін жаңалау нәтижесінде құжаттарды беру тәртібі біршама жеңілдетіледі.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта