Тәжікстан президенті 2006-жылдың басында Қазақстанға келмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті 2006-жылдың басында Қазақстанға келмекші

Тәжікстан президенті 2006-жылдың басында Қазақстанға келмекші

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновқа 2006-жылдың басында Қазақстанға келуге ресми шақыру берілді. Бұл туралы Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан елшісі Ерлан Әбілдаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz



«Президент келесі жылдың басында Қазақстанда болуы мүмкін»,- деді елші.
Жалпы алғанда баспасөз мәслихаты Қазақстандағы алдағы президент сайлауына арналды. Е.Әбілдаев журналистерді республика басшылығының сайлауды ашық әрі әділетті өткізу үшін жасап жатқан қадамдарынан хабардар етті.
Тәжікстанда тұратын Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу мүмкіндігіне тоқталған елші қазіргі жағдаймен Тәжікстанда тұратын 900 адам елшіліктің жанынан құрылатын сайлау учаскесінде дауыс бере алатынын жеткізді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта