ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі таяу күндері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі таяу күндері ашылады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі таяу күндері ашылады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі таяу күндері ашылады. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте парламентте өткен үкіметтік сағат барысында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 498
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдайда біз Ресейдің ғарыштық агенттігіне өкілдік туралы ережені жолдадық. Біз алдағы бірнеше тәулікте ондағы өкілдікті ашып, жұмысқа кірісеміз деп ойлаймын»,- деді А.Самақова. Байқоңырда Қазақстанның экологиялық өкілдігінің болмауы қисынға келмейді деп санайды министр.
Сонымен бірге ол Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы 2005-жылдың 2-маусымында қол қойылған РФ жалға алған Байқоңыр кешені аумағында экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-қызметі жеке хаттаманың негізінде айқындалуға тиіс, деді . «Қазір біздің министрлік хаттаманың жобасын жасап жатыр»,- деді А.Самақова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта